АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында қар күрт еріп, ауыл тұрғындары мектепке қайықпен барып жүр, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" басылымы.
Видеоны Тасқала ауданының ауыл тұрғыны түсіріп жіберіпті. Мектепке апаратын жолды су алып кеткен. Қайықта отырған ер адамның айтуынша, бұл Чижа-2 ауылындағы Бельский көшесі.
"Мектепке қайықпен барамыз", — дейді ер адам.
Тасқала ауданы әкімі Санжар Әлиевтің айтуынша, қар күрт еріп, көшенің біраз бөлігін су алып кеткен. Мектепке жаяу жетуге де болады екен.
Ауылдағы үйлерге су кірмеген.