Экономика

Ақышев: криптовалютаны жарнамалауға тыйым салған дұрыс

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуКриптовалюта
Криптовалюта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, Қазақстан бұл мәселеде Google, Facebook, Telegram секілді компаниялардан үлгі алуы тиіс

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. БАҚ-та криптовалюта мен онымен байланысты мәмілелер жарнамасына тыйым салған дұрыс, деп санайды ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ақышев теңгенің әлсіреуіне қатысты: асығыс шешім қабылдамаңыздар

"Қаржы және төлем ұйымдарына криптовалютамен байланысты операциялар мен мәмілелерді жүргізуге тыйым салу жоспарланып отыр. БАҚ-та криптовалюта мен онымен байланысты мәмілелерді жарнамалауға тыйым салған дұрыс. Сіздер білесіздер, мұны Google, Facebook, Telegram және басқа да жаһандық технологиялық компаниялар бастап кетті", — деді Ақышев мәжіліс кулуарында. 

Ол майнингке қатысты, криптовалюта эмиссиясы мен оны таратуға тыйым салу туралы сөз болып отырғанын айтты. 

"Майнер өз қызметі үшін сыйақы ретінде алатын криптовалюталар Қазақстан аумағында актив, қаржы құралы немесе құндылық болып саналмайды", — деді ұлттық банк басшысы.

Жаңалықтар
0