Қоғам

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы мамыр айында қабылданады

© AFP 2024 / JOHN MACDOUGALLБаспана
Баспана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақышевтің айтуынша, қазір аталған бағдарлама тек жаңа тұрғын үйлерге есептелсе, кейінірек екінші деңгейлі үйлерді енгізу мүмкіндігі қаралады

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Осы жылдың мамырында қабылданатын "7-20-25" бағдарламасына Қазақстанның тұрақты табысы бар барлық азаматы қатыса алады, деді ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Сізге бүгін не болған?" Нығматулин ұлттық банк төрағасын ұятқа қалдырды

Жаңа бағдарламаға сәйкес, несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан, бастапқы жарнасы 20 проценттен аспайды. Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

"Басқа шарттар талқыланып жатыр және биылғы жылдың мамырында қабылданатын бағдарламада көрсетіледі", — деп атап өтті Ақышев. 

Ұлттық банк басшысының айтуынша, ипотекалық бағдарлама жаңа тұрғын үйлерге есептелген. Болашақта бағдарламаға екінші деңгейлі тұрғын үйлерді де енгізу мүмкіндігі қаралмақ. Әр облыста баспана бағасы әртүрлі болғандықтан, ипотекалық қарыздың максималды мөлшері өңірге байланысты сараланады.

"Бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызы тек теңгемен беріледі. Ал банктер ипотекалық займды алу және қызмет көрсету кезінде ешқандай комиссия алмайды", — деп сендірді Ақышев.

Жаңалықтар
0