Өңірлер

Шығыс Қазақстанда атқа мінген малшы суға кетті

© Sputnik / Дмитрий Коробейников / Медиабанкке өтуСүңгуір
Сүңгуір - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бастапқы деректер бойынша, ер адам Қаракөл өзенінің ар жақ бетіне өтіп бара жатқан

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында атқа мінген малшы өзенге батып кетті. 

56 жастағы ер адам, болжам бойынша, Қаракөл өзенінің арғы бетіне өтпек болған. Қатты ағыннан астындағы аты құлап, өзімен бірге шопанды да ала кеткен.

© Photo : Официальный сайт ДЧС ВКО РКҮржар ауданында суға кеткен ер адамның денесін іздеу жұмыстары
Үржар ауданында суға кеткен ер адамның денесін іздеу жұмыстары - Sputnik Қазақстан
1/2
Үржар ауданында суға кеткен ер адамның денесін іздеу жұмыстары
© Photo : Официальный сайт ДЧС ВКО РКҮржар ауданында суға кеткен ер адамның денесін іздеу жұмыстары
Үржар ауданында суға кеткен ер адамның денесін іздеу жұмыстары - Sputnik Қазақстан
2/2
Үржар ауданында суға кеткен ер адамның денесін іздеу жұмыстары
1/2
Үржар ауданында суға кеткен ер адамның денесін іздеу жұмыстары
2/2
Үржар ауданында суға кеткен ер адамның денесін іздеу жұмыстары

"Үстіне қалың киім киген. Киімінің салмағы ауыр болғандықтан, судан шығуына кедергі келтірген. Оның жоғалып кеткен туралы туыстары хабар берді. Бірнеше күн бойы құтқарушылар мен полиция қызметі іздегенімен, ер адамды таба алмапты", — делінген облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті хабарламасында.

Іздеу жұмыстарына Өскемен қаласының сүңгуірлері де араласты. Олар ер адамның денесін құлаған жерінен 1,5 шақырым қашықтықта тауыпты. 


Жаңалықтар
0