Спорт

WBC басшысы Головкинге кім лайықты қарсылас болатынын айтты

© AP Photo / Mary SchwalmГэри О'Салливан (сол жақта)
Гэри О'Салливан (сол жақта) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маурисио Сулейманның пікірінше, Гэри О’СалливанWBC рейтингіне кіретін мықты боксшы

АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. WBC президенті Маурисио Сулейман ирландиялық Гэри О’Салливанды Геннадий Головкиннің 5 мамырдағы қарсыласы ретінде көргісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкиннің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Абсолютті әлем чемпионы Головкин қай боксшыдан қорқатынын айтты

"Гэри WBC рейтингіне кіретін ғажап боксшы. Ол "Таза бокс" бағдарламасы үшін құжаттарды толтыруы тиіс. Оны қабылдайды деген үміттемін, өйткені Головкин өз титулдарын қорғауы қажет. О’Салливан 4 мамырда рингке шығуға дайындалды. Ол белбеуді өз еркімен қорғауға лайықты қарсылас. Әлемдегі үздіктермен кездесуге таңдап алынған қызықсыз немесе кездейсоқ боксшы емес екенін де айта кету керек. Ол рейтингтерге кіреді және жұдырықтасуға дайын," — деп атап өтті Сулейман. 

Сондай-ақ кеңес президенті 21 жастағы мексикалық Хайме Мунгияның GGG деңгейіндегі қарсыласпен шығуға тәжірибесі жеткіліксіз деген пікірмен келісті.    

"Мунгия – тамаша қарсылас, алайда бұл неге әкеліп соқтыратыны белгісіз. Мұндай жекпе-жек оның карьерасы үшін тым ерте болуы мүмкін. Басқа боксшылар көп қой", — деп түйіндеді ол.    


Жаңалықтар
0