Экономика

Қазақстанда доллар бағамы көтерілді

© Sputnik / Болат Шайхинов500 теңге
500 теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның қор биржасының күндізгі сауда-саттық барысында теңге бағамы әлсірей түсті

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Сейсенбі күні Қазақстанның қор биржасының күндізгі сессиясында доллардың орташа бағамы 325,7 теңгені құрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тимур Сүлейменов - Sputnik Қазақстан
Экономика
Рубль құлдырап кетті: министр теңгенің алдағы тағдыры туралы айтты

Ең төменгі бағам бір АҚШ доллары үшін 324,95 теңге деңгейінде болса, ең жоғары көрсеткіш — 327,72 теңге, соңғы бағам — 327,72 теңге.

АҚШ доллары бойынша сауда-саттық көлемі 476,3 миллион долларды құрады.

Астана мен Алматы қалаларының ақша айырбастау пункттерінде түстен кейін ең жоғарғы доллар бағамы 335 теңге болды.

Қазақстанның ұлттық валютасының әлсіреуіне АҚШ енгізген жаңа санкциялар нәтижесінде рубльдің құлдырауы әсер еткен.  


Жаңалықтар
0