Өңірлер

Қостанайда жетім және кедей қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

© Photo : ДВД АлматыЖезөкшелер
Жезөкшелер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанайда жетімдері үйі мен кедей отбасынан шыққан қыздар сексуалды құлдықтың құрбаны болды

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Қостанайда қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды Қостанай облысы ішкі істер департаменті.

жезөкше, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жезөкшені қызғанған жігіт жантүршігерлік қылмысқа барды

24 пен 31 жас аралығындағы алты күдікті ұсталды, арасында екі қыз бар.

"Күдіктілер таныстары арқылы қыздардың ақша және баспанаға мұқтаж екенін біліп, олармен танысып, пәтерге шақырған. Сол жерде бірге ішімдік ішіп, артынша қоқан-лоққы жасау арқылы жезөкшелікпен айналысуға көндіріпті", — деп мәлімет берді полиция. 

Қылмыскерлер жәбірленушілердің құжатын тартып алып, жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Қыздардың бәрі кедей отбасыдан шыққан, ал үшеуі жетім қыздар.

Барлығы 18 және 32 жас аралығындағы 12 қыз қылмыскерлердің арбауына түсіпті. 

Полиция қылмыстық топтың қатысушыларын түгелдей қамауға алды. Енді оларға қатысты қылмыстық іс қозғайды.

Жаңалықтар
0