Видео

Қазақстан мен Ресей арасындағы тас жолды су алып кетті

Жазылу
Қостанай облысындағы Жітіқара қаласы мен Ресейдің Мариновка ауылы арасындағы жолды тасқын су алып жатыр. Оқиға орнында түсірілген видео Желіде жарияланды

Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, 8 сәуірде тасқын су тас жолдан асып аға бастаған.

"Жергілікті билік өкілдерінің шешімімен жолды бұзып ашып, тасқын суды ағызып жібермек. Таңертеңгі ахуал бойынша, жолды су алып жатыр, көліктер "Жалтыркөл" өткізу бекеті арқылы қатынайды", — деп мәлімет берді ведомство.

Жаңалықтар
0