Оқиға

Астанада аялдамада егде адамды аяусыз ұрған жігітті полиция ұстады

© AFP 2024 / ALAIN JOCARDқолы кісенделген ер адам, архив
қолы кісенделген ер адам, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті ұсталды, енді полиция одан зардап шеккен адамды іздеп жатыр

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Астанада аялдамада егде адамды аяусыз ұрып-соққан жігітті полиция ұстады, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова. 

"Полиция жедел іздестіру шаралары барысында 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр", — деді Қылышбекова. 

Сүймен ұстаған адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада аялдамада жас жігіт егде кісіні аяусыз ұрып-соқты

Оның айтуынша, бұл факті бойынша полицияға шағым түскен жоқ. Дегенмен, қазіргі уақытта тәртіп сақшылары зардап шеккен адамды анықтап жатыр. 

Еске сала кетсек, Астанада Уәлиханов көшесіндегі аялдамада болған оқиғаны тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған. Желіде жарияланған роликтен ер адам аялдама орындығында есеңгіреген күйі отырғанын көруге болады. Осы сәтте жас жігіт оның бетінен бар күшімен бір тебеді. Аялдамадағы адамдардың ешқайсы жәбірленушіге араша түспеген. Тіпті қорғануға да шамасы келмей отырғанына қарағанда оны бұған дейін де бірнеше рет ұрып-соққаны анық.

 

 

 

Жаңалықтар
0