АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Батыс Қазақстанда былтыр жөнделген бөгетті су бұзып кетті.
"Уральская неделя" өңірлік басылымы жазғандай, өткен жылы күзде бөгетті жөндеуге 70 миллион теңге жұмсалған екен.
"Биыл шынымен қар қалың жауды. Қар күр еріп, су молайған кезде бөгет шыдас бермеген. Облыс әкімі тапсырмасымен мердігер кепілдендірілген міндеттемелер аясында бөгетті қайта жөндеп береді. Жобалаушылар да жауапқа тартылмақ", — деп мәлімет берді өңірдің әкімдігі Sputnik Қазақстанға.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырылған.