Өңірлер

Ауа райы болжамы: қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді

© Sputnik / Медиабанкке өтуқар аралас жаңбыр, архив
қар аралас жаңбыр, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
10-12 сәуірге арналған ауа-райы болжамы

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қазақстанның солтүстігіндегі циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалынан көптеген облыста жаңбыр және қар аралас жауын жауып, тұман және көктайғақ болады.  

10 сәуірде батыс аймақтарға антициклон ығысып, оның әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы орнайды. 

Оңтүстік облыстарда дабылды ескерту жарияланған. 10 сәуірде Қызылорда, 9-11 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде 1-3 градус үсік сақталады, 11-12 сәуірде түнде Жамбыл, Алматы облысында 5 градусқа дейін үсік жүреді. 

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жуық болады. 


Жаңалықтар
0