Өңірлер

Ақтауда жас жұбайлар той үстінде кортеж көлігін айырбастауға мәжбүр болды

© Sputnik / Михаил Фомичев / Медиабанкке өтуТой кортежі
Той кортежі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі көліктің жүргізушілеріне сақтандыру полисі мен балалар автокреслосының болмауына байланысты айыппұл салынған

АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Ақтауда "Той кортежі" атты жедел профилактикалық шара барысында жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге айыппұл салынып, көліктері айыппұл тұрағына жіберілді.

түрмедегі ер адам, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Үш адамның қазасына кінәлі той кортежінің жүргізушісіне сот үкімі шықты

Алғашқы тоқтатылған той кортежінде бір дегенде екі құқық бұзушы анықталған: жас жұбайларды әкеле жатқан жүргізушінің сақтандыру полисі жоқ екен, ал тағы бір көлік иесінің де сақтандыру құжаты мен балалар автокреслосы болмапты. Полицейлер хаттама толтырып, көліктерді айыппұл тұрағына жөнелтті. Осылайша жас жұбайлар көліктерін ауыстыруға мәжбүр болған.

Осы шара барысында салынған айыппұлдың жалпы көлемі отыз алты мың теңге болды. Полиция мұндай амалдарды жиі орындап тұруға уәде берді.

Жаңалықтар
0