АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Дағыстандық аралас жекпе-жек балуаны Хабиб Нурмагомедов америкалық Эл Яквинтаны жеңіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы атанды.
Кездесу сенбі күні Нью-Йорк қаласында UFC 223 турнирі аясында өтіп, бес раундқа созылған.Нурмагомедов төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанды.
Нурмагомедов 26 рет жекпе-жекке шығып, бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Яквинта осымен төртінші рет жеңіліске ұшырап отыр.