Өңірлер

Ақтөбе облысында ауыл әкімдері жаңа көлік мінді

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуКөліктер, архив суреті
Көліктер, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шенеуніктерге көлік алу үшін облыстық бюджеттен 96 миллион теңге қаражат бөлінген

АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде 25 ауылдық округтің әкіміне су жаңа қызметтік көлік берілді, деп хабарлайды 24 хабар. 

кілт - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбе облысында жамағат имамға көлік сатып әперді

Шенеуніктерге көлік алу үшін облыстық бюджеттен 96 миллион теңге қаражат бөлінді. Жыл басында 59 ауылдық округтің әкімі көліктерінің ескіргендігін айтып, өтініш жазған. Енді бұл мәселе шешімін таба бастады. Жаңадан құрылған ауылдық округ басшылары да көлікті болды.

Оның ішінде Қобда ауданындағы Талдысай ауылдық округі де бар. Болашағынан зор үміт күттіретін елді мекеннің мыңнан астам тұрғыны бар. Жалпы облыста 147 ауылдық округ тіркелген.

"Бұған дейінгі алынған автокөлік 2007 жылы берілген болатын, одан кейін біраз жыл өтті. Енді қазір халықтың әл-ауқатын көтеруге, тұрмыс-тіршілігін көтеруге, халықпен тығыз байланыс жасауға, түкпірдегі ауылдарға барып келіп, қатынасты, біздің жұмысымызды жүйелендіруге үлкен көмегін тигізеді", — дейді Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі Жомарт Шабаров. 

 

 

Жаңалықтар
0