Әлем

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 24 жыл түрмеде отырады

© Sputnik / Медиабанкке өтуПак Кын Хе
Пак Кын Хе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экс-президент тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарды. Ол сотқа келген жоқ

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik.  Сеулдегі сот Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хені 24 жылға түрмеге отырғызды. Экс-президент пара алғаны, билігін асыра пайдаланғаны және коммерциялық компанияларға заңсыз ықпал еткені үшін айыпты деп танылды. Айыптаушы 66 жастағы Пак Кын Хеге 30 жыл және 110 миллион доллар айыппұл сұраған еді, деп хабарлады centralasian.org

Экс-президент тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарды. Ол сотқа келген жоқ. Сот отырысы телеарнада тікелей эфирде көрсетілді.

Солтүстік Корея - Sputnik Қазақстан
Саясат
Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея бірлескен саммитке дайындалып жатыр

Бір жыл бұрын, 2017 жылдың 10 наурызында Оңтүстік Кореяның конституциялық соты Пак Кын Хені президент қызметінен алу туралы шешім қабылдады. Импичментті 2016 жылы желтоқсанда Оңтүстік Корея парламенті жемқорлыққа қатысты даудан соң жариялаған.

Оңтүстік Корея президентінің бала кездегі құрбысы Чхве Сунь Сильді мемлекет басшысына ықпал етті деп айыптаған. Импичментке әкелген жанжал содан басталды. 2018 жылы ақпанда Сунь Силь 20 жылға сотталды.

Ол елдегі ірі компанияларды, соның ішінде Samsung корпорациясын өзінің коммерциялық емес қорына (шамамен 70 млн доллар) ақша аударуға мәжбүрлеп, қаражатты жеке мақсаттарына жаратқан.


Жаңалықтар
0