АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Рудный көшелерін әр жұма және демалыс күндері жылдам қимылдайтын арнайы жасақ күзетіп жүреді.
Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл Рудный ішкі істер басқармасының жаңа басшысы Әлім Бажықбаевтың бастамасы.
"Соңғы жұмыс күні мен демалыс күндері Рудный полицейлеріне қоғамдық тәртіпті қадағалауға облыстық ІІД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері көмектеседі. Рейдтік шаралар көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықты болдырмауға және ескертуге бағытталған", — деп аталып өткен хабарламада.
Арнайы жасақ қызметкерлері қала орталығында, тыныш аудандар мен қала шетінде рейдтер жүргізеді.