Өңірлер

Синоптиктер демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды

© Sputnik / Медиабанкке өтуқар аралас жаңбыр, архив суреті
қар аралас жаңбыр, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанның солтүстігіне кезекті циклон ығысып, еліміздің барлық өңіріндегі ауа райына әсер ететін болады.

Алдағы үш тәулікте арктикалық суық фронпен байланысты солтүстік облыстарда қар аралас жаңбыр, түнде тұман және көктайғақ болады.

Еліміздің оңтүстігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты найзағай, екпінді жел болжанып отыр. Ауа температурасының ауытқуы болады, жауын жауғанда тез төмендеп, күн ашылғанда күрт жоғарылай бастайды.


Жаңалықтар
0