Қоғам

Исекешевтің көлік тұрағына қатысты жауабы Назарбаевтың күлкісін келтірді

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуТұрақ
Тұрақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы қаладағы көлік тұрақтарын тәртіпке келтіруді тапсырды

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешевтің әкімдік алдындағы көлік тұрағына қатысты берген жауабы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күлкісін келтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Астананы дамыту мәселелері жөніндегі отырыста Нұрсұлтан Назарбаев көлік тұрақтарына қатысты жағдайдың көңіл көншітпейтінін айтты. Президент "Нұрлы жол" ауданындағы және қалалық әкімдік жанындағы көлікке лық толы тұрақтарды көрсетті.  

"Сенің көз алдыңда осындай бейберекет жағдай болып жатса, басқасы туралы не айтуға болады?", — деді мемлекет басшысы Исекешевке қарата.

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаАстана әкімдігі алдындағы тұрақтың суреті
Астана әкімдігі алдындағы тұрақтың суреті  - Sputnik Қазақстан
Астана әкімдігі алдындағы тұрақтың суреті

"Нұрсұлтан Әбішұлы, ол күні үлкен жиналыс болған секілді", — деп саспады қала әкімі. 

"Сені аңдып жүріп, ұстап алған секілді ғой", — деп күлді Назарбаев.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы Астана көшелерінің атауына қатысты: кім болса, соның есімін беруді қойыңдар

Исекешев биыл Астана әкімдігінің алдында екі мың орынға шақталған жерасты тұрақ салу басталатынын айтты. 

"Бұл мәселені шешу керек. Құрылыс команияларын жерасты көлік тұрақтарын салуға міндеттеу керек. Астанадан да үлкен қалалар бар ғой, олар мәселені шешіп жатыр", — деді Назарбаев. 

Назарбаевтың айтуынша, қала билігі тұрақ үшін ақша алмайды, сондықтан тәртіп жоқ. 

"Төлесін. "Мерседес" алуға ақшасы болса, тұрақ үшін де төлесін. Төлемесе, айыппұл салыңдар. Сонда ғана тәртіп болады, автобустарға отырады. Бірақ автобустар жақсы болуы керек", — деген Елбасы осындай тұрақтар жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктеріне бөгет болатынын айтты.

Жаңалықтар
0