Оқиға

Ақтөбеде тележүргізуші лифт ішінде қаза тапты

© CC0Лифт
Лифт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарымен айналысып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. "Қазақстан Ақтөбе" арнасының жүргізушісі лифт құлаған кезде ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Лифт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Лифт проблемасы. Астана әкімі жауапкершілікті күшейтуді ұсынды

Лифтте қаза тапқан әйелмен бірге үш жасар қызы да болған, бірақ ол зардап шеккен жоқ. 

Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов оқиғаның 4 сәуірде болғанын хабарлады. 

"Кезекші бөлімге түскен хабар бойынша, 12-ші шағын аудандағы үйлердің бірінде лифт ішінен әйел адамның денесі табылған", — деп мәлімет берді Сарқұлов. 

Оның айтуынша, қазір ҚР ҚК 278-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған.

Жаңалықтар
0