АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес "Геннадий Головкин реваншта жеңіліп қаламын деп қорыққандықтан маған сын тағып, жекпе-жекті болдырмауға сылтау іздеді" деп мәлімдеді.
Кеше боксшылардың 5 мамырға белгіленген екінші жекпе-жегі мексикалық тараптың бастамасымен тоқтатылғаны, ал GGG осы күні басқа қарсыласпен жұдырықтасатыны белгілі болды.
"Егер шынын айтсам, Головкиннің немесе оның командасының айтқан сөзі мені мүлде алаңдатпайды. Олар дәрігер де, сарапшы да емес. Оларға көңіл бөлмеймін. Маған бұл айқасқысы келмеген адамның сылтауы сияқты көрінеді. Меніңше, ол менен қорқады", — деп Sports.kz "Канелоның" баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінен үзінді келтірді.