Өңірлер

Алматыда жас жігітті қағып өлтірген жүргізуші қашып кетті

© SputnikЖаяу жүргіншіні қағып кетті
Жаяу жүргіншіні қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция оқиғаның мән-жайын тергеп, қашқынды іздеп жатыр

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Алматыда Солтүстік айналма жолы тас жолының бойындағы жаяу жүргіншілер жолында жол апаты болды.

Жол апатының архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жүргізуші әйелі мен ұлын қағып кеткенін білмей, апат орнынан қашып кетті

Жігіт "Адем" сауда үйіне қарсы бетте жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өткен. Осы сәтте белгісіз автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Зардап шегуші "жедел жәрдем" келгенше көз жұмды, деп хабарлады  Sputnik Қазақстанға куәгерлер. Қаза тапқан жігіт 18 жаста екені анықталды.  

Оқиға орнында жол және криминальдық полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары сондай-ақ жол апаты болған жерді тастай қашқан жүргізушіні іздеуде.   


Жаңалықтар
0