Қоғам

Бекзат Саттарханов бүгін 38 жасқа толар еді

© Photo : Конфедерация спортивных единоборств и силовых видов спортаСидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов
Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олимпиада чемпионы 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні автокөлік апатынан қаза болды

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Бүгін – күллі қазақтың мақтанышына айналған Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың туған күні,  деп хабарлады Qsport.kz. 

Жасындай жарқыраған Бекзат Саттарханов арамызда болғанда 38 жасқа толар еді. Небәрі 20 жасында Олимпиада ойындарында топ жарып, Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан І дәрежелі "Барыс" орденін алған тұңғыш спортшы болды. 

Әділбек Ниязымбетов, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық 6 боксшы халықаралық турнирдің финалына шықты

Бекзат Сейілханұлы 1980 жылы 4 сәуірде киелі Түркістан қаласында дүниеге келген. Сидней Олимпиадасында тәуелсіз еліміздің туын көкке көтеріп, әнұранын асқақтатқан спортшы 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды. 

Бүгінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп сөнген Бекзаттың ерлігі мен жеткен жетістіктерін  қазақ жанкүйерлері түгілі күллі әлем біледі деп айтсақ артық айтпағанымыз.  Олимпиада ойындарының жеңімпазы бұл фәниден өтсе де, оның есімі, оның рухы өлген жоқ.

Ер есімін ел есінде қалдыру үшін Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшамаудан мен спорт кешені бой көтерді. Алматы қаласындағы көшелерді біріне  чемпионның аты берілді. 2002 жылдан бастап бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өткізіліп жүр.


Жаңалықтар
0