Оқиға

Аягөз – Семей тасжолында жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті

© AP Photo / Leo CorreaЖанып жатқан автобус, иллюстративті фото
Жанып жатқан автобус, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарма ауданында көлік құралы бұзылғаннан кейін жол оқиғасы болды

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Аягөз – Семей рейсін орындаған жолаушылар автобусы трассада түгі қалмай өртеніп кетті, деп жазды ustinka.kz.  

Шығыс Қазақстан ішкі істер департаментінің мәліметінше, сәуірдің бірінен екісіне қараған түні болған. Автобус бұзылып қалғаннан кейін жолаушылар басқа көлікпен Семейге жеткізілген.

 

"Жүргізушілер автобусты жөндеп, Аягөзге қайтып бара жатқанда көліктен өрт шыққан", — деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметі.  

Өрт сөндірушілер келгенше автобус толығымен жанып кетті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.   

Естеріңізге салайық, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Самара — Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды, барлығы Өзбекстан азаматы. 


Жаңалықтар
0