Қоғам

Криштиану Роналдудың иығына жабылған шапанды кім тікті?

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуКриштиану Роналду
Криштиану Роналду - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал футболшыға арналған эксклюзивті шапан қысқа уақытта тігілген

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға сыйға тартылған шапанды Ақтаудағы сән үйі тіккен, деп хабарлады lada.kz порталы. 

"Нұр-Шах" сән үйінің директоры Нұржамал Нұрпейісованың айтуынша, эксклюзивті шапан қысқа уақытта тігілген. 

"Ол масатыдан (велюр) дайындалды, өйткені онда өрнек әдемі көрінеді. Біз тапсырыс берушінің өкілдерімен жұмыс істедік, олар шапанның жағасы, қалтасы ағылшын стилінде пішіліп, ұзын классикалық сүртік сияқты тігілгенін, қазақы өрнектер болғанын, ортасында нұрын шашқан күннің астында қыран бейнеленгенін қалады", — дейді Нұрпейісова.

 Директордың айтуынша, ол сонымен қатар танымал қазақстандық боксшы  Геннадий Головкинге шапан тігуді армандайды екен.  

Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде "Теңізшевройл" мұнай өндіру компаниясының өкілдері Роналдуға шапан кигізіп жатқаны жайлы видео жарияланған болатын. Олар спортшымен Португалия және Голландия құрмаларының жолдастық кездесуі өткен Женева қаласында кездескен. Видеода қазақтың бұл ұлттық киімі ең құрметті адамдарға сыйға тартылатыны түсіндірілген.    

Жаңалықтар
0