АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Әуезов пен Төле би көшелерінің қиылысында жолдан жүгіріп өтіп бара жатқан ер адамды жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне құқық қорғау органдарынан.
Төле би көшесімен келе жатқан КамАЗ көлігі Әуезов көшесіне жете бергенде екі ер адам рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпек болады.
© SputnikАлматыда КамАЗ ер адамды қағып кетті
1/2
© Sputnik
Алматыда КамАЗ ер адамды қағып кетті
© SputnikАлматыда КамАЗ ер адамды қағып кетті
2/2
© Sputnik
Алматыда КамАЗ ер адамды қағып кетті
1/2
© Sputnik
Алматыда КамАЗ ер адамды қағып кетті
2/2
© Sputnik
Алматыда КамАЗ ер адамды қағып кетті
Жүк көлігінің жүргізушісі екеуін қағып кетпеу үшін солға бұрылып, трамвай жолына шығып кетеді де, тежегішті басады. Жаяу жүргіншілердің бірі жолды кесіп үлгереді, ал екіншісі көліктің астына түсті. Ол бас сүйек жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында Алматы қаласы жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.