Қоғам

Ғалымдар қызыл еттің неге қауіпті екенін айтты

© Александр Юрьев / Медиабанкке өтуқызыл ет
қызыл ет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зерттеуге 32 мың әйел қатысқан

АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Жейтін тамағыңыздан қызыл етті алып тастасаңыз, асқазанның қатерлі ісігіне шалдығу қаупін айтарлықтай төмендетесіз. Арнайы зерттеу жүргізген британдық ғалымдар осындай қорытынды жасап отыр, деп жазады MedicalXpress.

Күн - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар: жаз екі айға ұзарады

Британдық ғалымдар 32 мың әйелдің денсаулығы мен олардың жейтін тамағын зерттеген. Олар орташа алғанда 17 жыл дәрігерлердің бақылауында болыпты. 335 әйелде тоқ ішегінің қатерлі ісігі, 119 әйелде тік ішек обыры анықталған. 

Маңыздысы, құс еті мен балық жеген немесе еттен мүлдем бас тартқан әйелдердің арасында тік ішек қатерлі ісігіне шалдығу қаупі 35 пайызға төмен болып шыққан. 

"Біздің зерттеу еттің асқазан-ішекке қалай әсер ететінін көрсетті. Сондай-ақ адамдардың тамағын зерттеп, деректерді жинақтау аса маңызды", — дейді профессор Дженет Кейд.

Бұған дейін Гарвард университетінің ғалымдары жанып тұрған отқа пісірілген еттің гипертонияға алып келуі мүмкін екенін айтқан еді. 


Жаңалықтар
0