Улан-Удэ поштасы тәжірибе ретінде дронның көмегімен жүк тасымалдамақ болыпты. Дрон сол жерден 35 шақырым қашықтықтағы Тарбағатай ауылына пошта жеткізуі керек еді, деп жазады РИА Новости.
Алайда ұшу аппараты әуеде кенеттен шыр көбелек айналып, төменге құлдилады да, үй қабырғасына бір-ақ соғылды.
Дронды өндірушінің мәліметінше, апат себебі – электронды құрылғының өшіп қалуы.