АСТАНА, 1 сәуір — Sputnik. Алматыда күн күрт суытып, қар жауды. Мұндай табиғат құбылысын синоптиктердің өзі күтпеген көрінеді.
Алдында "Қазгидромет" синоптиктері 1 сәуірде Алматыда көшпелі бұлтты болып, оқтын-оқтын жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады деп болажаған еді. Түнде ауа температурасы 6-8 градус, күндіз — 11-13 градус жылы деген болатын. Алайда таңертеңнен бері Алматыда қар жауып тұр, ал gismeteo.ru сайтының мәліметінше температура 2 градусқа дейін төмендеген.
Ал ертең "Қазгидромет" болжамына сәйкес, Алматыда жаңбыр жауып, күн күркірейді, желдің жылдамығы 2-7 м/с, температурасы түнде плюс 3-5, күндіз плюс 7-9 градусов.