Өңірлер

Әйелінің кесірінен бүйрегінен айырылған Талдықорған тұрғыны сотта жарына кешірім берді

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуӘйел
Әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам тұрмыстық жанжал кезінде жұбайына пышақ салған

АСТАНА, 1 сәуір — Sputnik. Талдықорғанда күйеуінің денсаулығына ауыр зақым келтірген әйел адамға қатысты сот ісі аяқталды, деп хабарлайды Алматы облысы ІІД.

Сот балғасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сот барысында түсірілген жантүршігерлік видео жарияланды

2017 жылы 12 желтоқсанда Талдықорған ауруханаларының біріне екі пышақ жарақатын алған жас жігіт түсті, оны өлім аузынан арашалап қалу үшін шұғыл операция жасау керек болған. Операция кезінде дәрігерлер науқастың бір бүйрегін алып тастауға мәжбүр болыпты.

"Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында, жәбірленушіге тұрмыстық жанжал кезінде зайыбы пышақ салғаны белгілі болды, соған байланысты Талдықорған ІІД тергеу бөлімі әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында әйел кінәсін мойындап, іс соттың қарауына жіберілген", — деп мәлімет берді облыстық полиция.

Сотталушының өкінетінін, кішкентай балаларының барын әрі зардап шегуші күйеуінің кешірім бергенін ескере отырып, Талдықорған қалалық соты әйел адамды үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Жаңалықтар
0