Өңірлер

Павлодарлық мешіттер Аягөзге 30 тонна азық-түлік жіберді

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЖолдағы автокөлік, архивтегі фото
Жолдағы автокөлік, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Акция аясында Павлодар облысына қарасты қала, аудан, ауыл мешіттері арқылы 30 тоннадан астам азық-түлік пен киім-кешек жиналған

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Павлодардағы "Мәшһүр Жүсіп" орталық мешітінен Аягөздегі апаттан зардап шегушілерге көмек ретінде "Ертіс-Павлодар жәрдемі" қайырымдылық керуені жіберілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы мешіттің баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ШҚО-дағы су тасқыны: пайдакүнем тұрғындар үйлерін әдейі қиратып жатыр

"Наурыз айының басында Аягөздегі алапат су тасқыны болған күннің ертеңінде ҚМДБ-дан еліміздегі барлық мешітке апатқа ұшыраған ағайынға барынша қайыр қылу туралы тапсырма берілген еді, — деп атап өтті баспасөз қызметі. – ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігі осы тапсырмаға сәйкес, әрі мұсылмандық және адамгершілік парызы ретінде тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында "Ертіс-Павлодар жәрдемі" атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырған болатын. Акция аясында Павлодар облысына қарасты қала, аудан, ауыл мешіттері арқылы 30 тоннадан астам азық-түлік пен киім-кешек жиналған".

30 наурыз, қасиетті жұма күні қайырымдылық керуенін "Мәшһүр Жүсіп" орталық мешітінің бас имамы Жолдас Бердімұратов бата беріп, жолға шығарып салды. 


Жаңалықтар
0