Видео

Астанада көпқабатты ғимараттан мыңға тарта адам қауіпсіз жерге шығарылды

Жазылу
Елордадағы "Изумрудный квартал" бизнес орталығында өрт болған жағдайда қызметкерлер мен келушілерді көшіруге арналған оқу-жаттығу өтті

Бүгін сағат күндізгі үштің шамасында 42 қабаттық ғимаратта өрт дабылы қағылды, мамандар адамдардан сыртқа тысқа сұрады. Мыңға тарта адам сыртқа шықты.  

"Изумрудный кварталда" орналасқан компанияның қызметкері Совет Туебаев Sputnik Қазақстанға айтып бергендей, дабыл жарияланғаннан кейін жоғары қабаттардағы адамдар баспалдақпен түскен.   

"Біз қазір тізім бойынша дауыстап түгендеуіміз керек. Егер әлдекім қалып қойса, өрт сөндірушілер кіріп, барлық кабинетті тексереді. Осындай алгоритм", — дейді ол.

Бұған дейін "Изумрудный кварталда" оқу-жаттығу дабылы бойынша адамдарды көшіру өткен жылдың қазанында өткен болатын.   


Жаңалықтар
0