Қоғам

Жан Ахмадиев көшедегі жезөкшелерді қамшымен ұрмаған болып шықты

© Photo : Pexelsәйел
әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиев жауапқа тартылмайды

АСТАНА, 30 наурыз — Sputnik. Рэпер Жан Ахмадиев көшедегі әйелдерді қамшымен сабамаған болып шықты, ол видеоға әйелі мен таныстарын түсірген. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Әлеуметтік желіде тарап кеткен Ахмадиев Ж.А. әйелдерді қамшымен сабап жатқаны түсірілген видеороликтегі жағдай қойылым болып отыр. Яғни, жеңіл жүрісті қыздар ретінде оның әйелі мен таныстары түскен", — деп хабарлады Сәдубаев. 

Жезөкше - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр жезөкшелерді қамшымен сабаған рэперге кеңес берді

Оның айтуынша, мұндай жағдайда Ахмадиевтің іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ. Сондықтан рэперді қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша жауапқа тартуға болмайды. 

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіні "жарған" видео қазіргі уақытта YouTube желісінен өшірілген. 

Еске салып өтсек, "Қазақпыз ғой" YouTube-арнасында "жезөкшелерді қамшымен қуып жүрген" рэпердің видеосы жарияланған еді. Бейнежазбада Жан Ахмадиев қаланы аралап жүріп, жолдың шетінде тұрған жезөкшелермен сөйлеседі. Әңгіме барысында ол кенеттен қамшы алып шығып, қыздардың бірін сабай бастайды.


Жаңалықтар
0