Қоғам

Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі ұсталды

© Sputnik / Максим МасловПрокуратура
Прокуратура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пара алмақ болған прокуратура қызметкері ұсталды

АСТАНА, 30 наурыз — Sputnik. 1,2 млн теңге көлемінде пара алмақ болған Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

"Бас прокуратураның ішкі тергеу департаменті қызметкерлері Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Д. Әбдіхалық және бұрын сотты болған А. Өтешбаевты ұстады.  Д.Әбдіхалық 1,2 млн теңге мөлшеріндегі параны А. Өтешбаев арқылы алуға оқталғаны үшін күдікті", — деп жазылған хабарламада. 

Сотталушы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысының бірнеше лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақша Тараз қаласындағы ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанды қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру (қоныс колониясы) мәселесін шешу үшін берілмек болған. 

Қазіргі таңда екеуі де ұсталып, Тараз қаласындағы ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. 

Іс бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қосымша ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейді.


Жаңалықтар
0