АСТАНА, 30 наурыз — Sputnik. Алматыда Жетісу ауданы аумағында 30 наурыз күні антитеррорлық жаттығулар өтеді, деп хабарлады Алматы қаласы терроризмге қарсы күрес жедел штабы.
Оқу-жаттығулардың басты мақсаты – адам көп жиналған жерде террорлық қауіп төнген жағдайда өзара іс-әрекет дағдысын жетілдіру.
Хабарланғандай, оқу-жаттығулар кезінде жүріс-тұрысты шектеу шаралары қарастырылады, сол себепті қаланың билік өкілдері тұрғындардан атқарылып жатқан амалдарға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік ережелерін сақтап, жаттығуға қатысатын мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұрайды.