АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Синоптиктер Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
30 наурызда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с болады.
30-31 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с жел соғып, тұман түсуі ықтимал.
30-31 наурыз күндері Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 30-ы күндіз, 31 наурызда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с болады.
Тараз қаласында 30-31 наурызда қатты жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с болады деп болжанып отыр.