Қоғам

"Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының" басшысы Талғат Ақуов ұсталды

© AP Photo / Moises CastilloКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қауымдастықтың төрағасы Қарағандыда ұсталып, Алматыға жеткізілді

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Полиция Қарағандыда "Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының" басшысы Талғат Ақуовты ұстап, Алматыға жеткізді, деп хабарлайды Алматы ІІД баспасөз қызметі.

Сотталушы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысының бірнеше лауазымды тұлғасы ұсталды

Полиция мәліметінше, Талғат Ақуовқа азаматтардың толассыз шағымдарына байланысты қылмыстық іс аясында іздеу салынған болатын.

Сол кезде оған қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалған екен.

Жедел іздеу шаралары барысында Талғат Ақуов Қарағандыда ұсталып, тергеу амалдарын әрі қарай жалғастыру үшін Алматыға жеткізілді.

Жаңалықтар
0