Әлем

Сауда орталықтарындағы қауіпсіздікті тексеруге аттанған тілшілердің автобусы өртенді

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтуАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ескі автобусы жол үстінде өртеніп кеткен

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Ресейдің Владимир қаласында Кемероводағы қайғылы оқиғадан кейін сауда орталықтарындағы өрт қауіпсіздігін тексеруге аттанған тілшілердің автобусы өртенді, деп хабарлайды Znak.com.

Зимняя вишня сауда орталығында шыққан өрттің орны - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Кемероводағы өрт: 2 қызынан айырылған әке жабық кинозалдың ішінде не болғанын айтты

Хабарланғандай, автобусты тілшілерге жергілікті ТЖМ басқармасы ұсынған.

"ПАЗ автобусы ескі екен. Бір жері қызып кетті. 10-15 минут өткенде түтіндеп, жүргізуші қайдан шыққанын білмей, іздей бастады. Қозғалтқышы тұтанған болса керек. Тез арада тоқтауға мәжбүр болдық", — деді  "ПроВладимир" басылымының бас редакторы Дмитрий Резников.

Тілшілер сыртқа атып шығып, жүргізуші өрт сөндіргішпен жалынды сөндіруге тырысқан. Оқиға куәгерлері болған жайтты видеоға түсіріп алыпты. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. 

ТЖМ қызметкерлері тілшілерден кешірім сұрап, кейінірек басқа автобус жіберді. 

Жаңалықтар
0