Өңірлер

Төрт облыс пен Астанада дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуборан, жел
боран, жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қатты жел соғып, тұман түседі, найзағай ойнайды

АСТАНА, 28 наурыз  — Sputnik. 29 наурызда бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"29 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, оның күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Қостанай облысында кей жерлерде тәулік бойы желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады, көктайғақ, тұман түседі", — деп ескертеді метеорологтар. 

29-31 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғып, найзағай ойнайды.

29 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 23-28 м/с болуы ықтимал. 

Тараз қаласында 29 наурызда оңтүстік-батыстан екпінді жел соғады, кей уақытта күші 23-28 м/с-қа жетеді. 

Астана қаласында 29 наурызда көктайғақ, бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с.жел соғады деп болжанып отыр. 


Жаңалықтар
0