Қайғылы оқиға болған жердің өрттен кейінгі ахуалын Sputnik Қазақстан фотолентасынан көре аласыздар.

Тілсіз жау 64 адамның өмірін қиды, олардың 41-і балалар.

Өрт сөндірушілер төтенше оқиға орнында.

Күндіз күлге айналған үйінді қайта тұтанып, "Зимняя Вишня" сауда орталығы тағы өртенді.

4/14
© Sputnik / Александр Кряжев
Кейінірек хабарланғандай, бұл жолы өртті тез арада сөндірген. Өртену аумағы 5 шаршы метрді құрады.

Бірінші жолы өрт 25 наурыз күні шыққан еді.

Бірнеше кинозал мен балалар ойын алаңы орналасқан жоғарғы қабат өртенген.

Көзді ашып-жұмғанша "Зимняя Вишня" сауда орталығы ғимаратын қалың түтін басып кетті.

19 және 22 наурызда еш себепсіз дабыл жүйесі іске қосылған екен.

Жұмысшы дабылды өшіре алмай, бүкіл жүйені істен шығарып, сөндіруге мәжбүр болған.

Дабыл жүйесін сөндірген жұмысшы ұсталды.

Қазіргі уақытта өрттің шығуына айыпты деген күдікпен бес адамнан жауап алынды.

Болжамдардың біріне сәйкес, біреу әдейі тұтандырған болуы мүмкін.

Жасөспірімдер поролон текшелерді өртеген деген де пайымдау бар. Осы деректердің бәрі құқық қорғау органдарына берілді.

Кемероводағы қайғылы оқиға - Ресей тарихындағы ең алапат өрттердің бірі.
