Экономика

Депутат Қазақтелекомның Kcell-ді сатып алуына қатысты алаңдаушылық білдірді

© PhotoҰялы телефон
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутаттың айтуынша, мұндай ауқымды монополия қатардағы тұтынушылар үшін тарифтерді өсіруге әкелуі мүмкін

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Мәжіліс депутаты Асқар Базарбаев "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Kcell телекоммуникациялық операторы акцияларының 75 пайызын сатып алу мүмкіндігіне қатыстыҰлттық экономика министріне депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

ҚР мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов - Sputnik Қазақстан
Экономика
Депутат жекешелендірілетін "Тұрғын үй жинақ банкінің" тағдырына алаңдады
"Қазіргі уақытта көптеген танымал интернет-сайттарда "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне "Kcell" ұялы операторының акциясын сатып алу келісімшартын келісу туралы өтінішпен хабарласқаны туралы ақпарат жарияланып жатыр. Жарияланған ақпараттар Қазақтелеком Kcell  акцияларын сатып алғаннан кейін пайдаланушылар келісімшартының ықтимал саны жалпы нарықтың 65 пайызынан асып, 17 миллионға жететінін көрсетеді", — деді Базарбаев. 

Депутаттың айтуынша, мұндай ауқымды монополия және экономикалық шоғырлану қатардағы тұтынушылар үшін тарифтерді өсіруге әкелуі мүмкін. 

"Қазақтелеком нарықта өз шарттарын ұсыну мүмкіндігіне толықтай ие болады. Мамандардың пікірінше, Қазақтелекомға Kcell-дің 75 пайыз акциясын сатып алуға келісім беру мемлекеттің монополияға қарсы реттеу саясатына қайшы келеді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қазақтелеком және Kcell арасында жасалатын келісімшарт бойынша қоғамда орын алған резонансты есепке ала отырып, құзыретті органның бәсекелестікті шектеуге және тұрғындарға тарифті жоғарылату мүмкіндігіне жол бермеу үшін, сондай-ақ ел экономикасында мемлекет үлесінің артуына жол бермеуге қандай шаралар қарастырылғаны туралы ақпарат беруді сұраймын", — деп түйіндеді сөзін депутат.

Жаңалықтар
0