Қоғам

Депутаттар өңірлерге аттанады

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуДепутаттардың архивтегі фотосы
Депутаттардың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс депутаттары облыс орталықтарын ғана емес, ауыл-ауылды араламақ

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Мәжіліс депутаттары президенттің бес әлеуметтік бастамасын халыққа жеткізу үшін алтыншы сәуірге дейін өңірлерге шығады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нығматулин адвокаттар алқасын 30 жылдап басқарып отырғандарға таңғалды
"Бүгіннен бастап депутаттық корпус сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға шығатын болады. Біздің ең негізгі мақсатымыз — Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын және оның ерекше мүмкіндіктерін әрбір азаматқа, әрбір отбасына жеткізу. Сонымен бірге, заң жағынан қамтамасыз ету жұмыстарымызды жан-жақты түсіндіруді мақсат етіп отымыз", — деді жалпы отырыстан кейін төраға Нұрлан Нығматулин. 

Депутаттар Астанаға 6 сәуірде оралады. 

"Астанаға оралғаннан кейін келесі пленарлық отырыста осы әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған заң жобаларын жұмысқа қабылдаймыз", — деді ол.

Жаңалықтар
0