Өңірлер

Шығыс Қазақстанда автокөлікті тасқын су ағызып әкетті

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуСу тасқыны кезінде келе жатқан автокөлік, архивтегі фото
Су тасқыны кезінде келе жатқан автокөлік, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға 26 мамыр күні Шемонаиха ауданындағы Выдриха ауылында жауыннан кейін болған

АСТАНА, 28 наурыз  — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жолда келе жатқан автокөлікті су ағызып әкетті. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп үлгерген.  

YouTube-те жарияланған роликте автокөлік жолын ағын су қатты екпінмен кесіп өтіп жатқаны көрінеді. Трассада келе жатқан жүргізушілер жол шетіне тоқтайды. Дегенмен, олардың бірі жолды кесіп өтуге бел байлайды. Автокөлікті лезде су ағызып әкеткен.    

Кадр сыртындағы куәгерлердің бірінің сөзіне қарағанда, оқиға 26 мамыр күні Шемонаиха ауданындағы Выдриха ауылында жауыннан кейін болған. 

Видеода бейәдеп сөздер бар.   

Жаңалықтар
0