Өңірлер

Шымкентте баспанасын ломбардқа кепілге қойған азамат сан соғып отыр

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстанның ұлттық валютасы - теңгенің архивтегі фотосы
Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгенің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала тұрғыны тәтті алуға дүкенге кірген кезде 13 миллион теңгесінен айырылып қалған

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Баспанасын ломбардқа кепілге қойып, 13 млн алған Шымкенттік азамат сан соғып қалды. Бүгінде ол сот жағалап жүр. Оның баспанасын өзге адам лолмбард арқылы сатып алған. Енді Рустемовтердің отбасы ломбардқа емес, өзге тұлғаға қарыздар. Бұл мәселені шешу мақсатында үй егесі Еңбекші аудандық сотына арыз түсірген, деп хабарлайды TVK арнасы. 

Ақша - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте клиенттердің ақшасын ұрлап, қашып кеткен банк басшысы іздестірілуде

Алайда істі жіті қараған судья, үйді сатып алушының еншісіне шешім шығарды. Яғни, жәбірленуші, келісім шартта көрсетілген қаражатты кері қайтаруы қажет.

"Иванова Евгенияның Рәйлә Рустемованың үстінен жазған талап арызы қанағаттандырылсын. Ол көрсетілген қарызды, яғни, 13 миллион 300 мың теңгені қайтаруы тиіс. Және мемлекетке 133 мың теңге шығын өндірілсін. Сондай ақ, Рустемова мен қорғаушы Наймов Байрам жазған шағым жарамсыз деп табылсын", — деді судья. 

Айта кетейік, қомақты қаржыға үйін кепілге қойған азамат барлық ақшасынан айырылып, жер сипап қалған. Яғни, 2016 жылы 10 қараша күні Рүстемовтар отбасы баспанасын 13 миллионнан астам сомаға кепілге қойып, үйіне қайтқан. Қайтар жолда тәтті алуға дүкенге тоқтаған. Сол мезетте, белгісіз тұлғалар, автомобильде тұрған ақшаны ұрлап кеткен болатын. Бірнеше күннен соң осы іске қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысының 3 азаматы қолға түсті. Қазіргі таңда олардың қылмысы толығымен дәделденіп, абақтыға тоғытылды.


Жаңалықтар
0