АСТАНА, 27 наурыз — Sputnik. "Зимняя вишня" сауда орталығында өрт шығып, тез арада сөндірілді.
Mash Telegram-арнасының мәліметіне сүйенсек, бірінші қабаттағы эскалатордың астынан түтін шыққан.
Кейінірек жарияланған хабарламаға сәйкес, бұл жолы өрт тез арада сөндірілген екен. Жалпы аумағы бес шаршы метрді құрапты. Содан соң сауда орталығына қайта кіруге рұқсат етілді.
Бұдан бұрын жексенбі күні осы сауда орталығында өрт шыққан болатын.
Mash жазғандай, 19 және 22 наурызда орталықта екі рет өрт туралы дабыл еш себепсіз іске қосылып, сигналды өшіре алмаған техникалық қызметкер бүкіл дабыл қағу жүйесін сөндіріп тастаған екен.
Соңғы деректерге сүйенсек, өрт салдарынан 64 адам ажал құшқан. Қайғылы оқиғаға байланысты 28 наурыз жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.