Қоғам

Астананың мерейтойына бауырлас Түркия тарту жасамақ

© Photo : АО "НК "Казахстан инжиниринг"Қазақстан мен Түркияның туы
Қазақстан мен Түркияның туы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл Астананың 20 жылдығы атап өтіледі

АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы 2017 жылы Астана көрермендеріне бір жыл бойы "Түрік фильмдері күні" шарасы аясында үздік түрік кинотуындыларын ұсынған болатын. Бұл көрсетілімдер ЭКСПО-2017 шарасына арналған еді. Осы шара 2018 жылы да жалғасын таппақ, деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

Биылғы көрсетілімдер бауырлас Қазақстанның бас қаласы Астананың 20 жылдығына орайластырылуда. Астана қазіргі күнде тек қана әкімшілік-басқару орталығы ғана емес, мәдениет пен өнері де қарыштап дамып келе жатқан әлемдік деңгейдегі қалаға айналып үлгірді. Осы орайда Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы екі бауырлас ел арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен үздік түрік туындыларды көрермендерге тарту етпек. 

Түркия және Қазақстан тулары - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Түркия Қазақстанның латынға көшу туралы шешіміне қолдау білдірді

2018 жылы Астаналық көрерменнің көзайымына айналған "120", "Көбелектің түсі", "Соңғы хат" сияқты фильмдермен қоса жаңа кинотуындылар да көрсетілетін болады. Солардың бірі —танымал түрік жазушы Саит Фаик Абасияныктың "Күнкөріс қайығы" атты романының желісімен түсірілген "Екеумізге бір әлем" фильмі.

Драмалық фильм "Атаденизфильм" тарапынан 2016 жылы Бургазада атты аралда түсірілді. Режиссері- Йылмаз Атадениз, басты рөлді Эркан Мерич пен Йагмур Айдан сомдайды. 

Картинадағы оқиға зейнеткер Али Рызаның Эфендинің, шаштараз қызы Мелек және қайықпен балық аулап күн көріп жүрген ұлы Хикметтің, шаштараз Кир Дмитрийдің маңайында өрбиді. Хикмет- Али Рызаның асырап алған ұлы. Мелек оған туған ағасы ретінде қарайды, ал Хикметтің сезімі басқаша… Мелектің өмірі Бургазадаға Фахри келген соң түбегейлі өзгереді. Шектен шыққан қатал әке Али Рыза мен қызы Мелектің араларындағы қақтығыстың соңы немен аяқталмақ, Хикметтің ешкім білмейтін сыры не?

Астана тұрғындары мен қала қонақтары 31 наурыз күні сағат 17.00-де Керуен кинопаркінде "Екеумізге бір әлем" фильмін тегін тамашалай алады. 


Жаңалықтар
0