Өңірлер

Желіде Наурыз мейрамындағы әжелердің күресі жұртты елең еткізді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӘйелдердің күресі
Әйелдердің күресі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей қолданушылар әжелердің бұл қылығын "масқара", "ұят" деп сынға алды

АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Қазақстандық әжелер қазақша күрес бойынша сайысқа қатысты.

Желіде күресіп жатқан әйелдердің видеосы кең тарала бастаған.

 

 

"Жекпе-жек" Атырауда Наурыз мейрамын тойлау кезінде болған екен. Жиналғандар қошемет көрсетіп жатса, әжейлердің бірі екіншісін шалқасынан түсіріп, жеңіске жетті.

Бұған қатысты желі қолданушыларының пікірі қарама-қайшы. Кейбірі әжелердің қылығын сынға алып, "ұят", "масқара" десе, қалғандары қарттардың күшіне тәнті болды.

Жаңалықтар
0