АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Оралдағы "Пушкин" қонақ үйінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.
40 жастағы ер адам өз-өзіне қол салыпты.
"А. есімді азамат 1978 жылы туған. Мәйіті өткен аптада 22 наурыз күні 20:30 кезінде табылды", — деп мәлімет берді Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті.
ІІД атап өткендей, ер адам Алматы қаласында тұрған.