Спорт

Головкиннің "Канеломен"екінші кездесуі өтпеуі мүмкін – сарапшы

© REUTERS / Las Vegas Sun/Steve MarcusСауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 5 мамырға белгіленген

АСТАНА, 26 мар — Sputnik. ESPN телеарнасының сарапшысы Дэн Рафаэль мексикалық боксшы Сауль Альварестің допинг сараптама нәтижесіне қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, ол Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды prosports.kz

Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкиннің сөзі расталды: "Канело" дәрі ішіп жатқаны видеоға түсіп қалған

Айта кеткен жөн, Невада штатының атлеттер комиссиясы Альвареске шаршы алаңға шығуға уақытша тыйым салды. Бұл іске қатысты соңғы шешім 10 сәуір күні қабылданады.

"Канелоның" допинг-тест нәтижесіне байланысты реванш болмай қалуы мүмкін деп алаңдап отырған жандарға айтарым бар. HBO PPV-ді жылжыту үшін сенбілік трансляциясын пайдаланбады және бұл күнді күнтізбесінде бос қалдырды. Жағдай қиын. "Канелоның" шеттетілуі жәй ғана сөз дейтіндер қателеседі. Головкин мен "Канелоның" екінші кездесуі расымен де болмауы мүмкін", — деді Дэн Рафаэль.


Жаңалықтар
0