Өңірлер

Қостанайда оқушы қызды өлтірген ер адам ауруханадан шығады

© Sputnik / Юлия Кузнецовааурухана, архив суреті
аурухана, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанайда 15 жастағы оқушы қызды өлтіріп кеткен болатын

АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Қостанайда оқушы қызды өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды ауруханадан шығарады, деп хабарлайды alau.kz.

Дәрі тамызғыштың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанайда көз жұмған оқушы қызды әкесі пышақтаған болуы мүмкін

Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері хабарлағандай, 15 жастағы оқушы қызды өлтірді деп айыпталып отырған ер адам бүгін шығарылады. 

"Ол әрі қарай амбулаторлық ем қабылдайды. Біз оған шұғыл операция жасадық, отадан кейінгі емді де алды", — деді Юрий Моисеев. 

Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда 18 наурызда оқушы қызды өлтіріп кеткен болатын.

Қыздың 44 жастағы әкесі әйелін өлтіргені үшін түрмеде отырып шыққан. 

Бірнеше күннен кейін полиция күдікті ұсталғанын хабарлады. Ал жергілікті БАҚ ұсталған адамның қыздың әкесі екенін жазды. Ол пышақ жарақатымен ауруханада жатыр, оны полицейлер күзетіп отыр. Қостанай тұрғыны ең алдымен қызын, одан кейін өзін пышақтауы мүмкін. 


Жаңалықтар
0