АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Instagram-дағы zello.akrobe парақшасында әйел "Нива"автокөлігін жалғыз өзі сүйреп бара жатқаны түсірілген видео жарияланды.
Кадрда әйел арқанмен автокөлікті сүйреп бара жатқаны, ал қасындағы адамдар ролик кейіпкеріне қолдау көрсетіп тұрғаны көрінеді.
Желі қолданушылары әйелді батырға теңеп, оның күшіне таңғалып жатыр.
Видеоролик бірнеше сағаттың ішінде 110 мың рет көрілді.